Қарағандыда шетелдік мамандар жаңа мюзикл мен спектакль қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды театрларында екі қойылымның тұсаукесерлері өтті. Екі спектакльді шет елден келген мамандар қойған. Өткен сенбіде академиялық музыкалық комедия театрында «Моя прекрасная леди» мюзиклінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Ал Станиславский атындағы театрда «Дядюшкин сон» шығармасы бойынша «Достоевский FM. Хроники Мордасова» атты қойылым сахналанды.
«Моя прекрасная леди» атты гүл өсіруші Элиза Дулиттл туралы спектакль осыған дейін де музкомедия театрының репертуарында болған. Алайда жаңа қойылым авторлары мюзиклді қазіргі заманға сй етіп түрлендіріп ұсынып отыр. Жаңартылған нұсқаның режиссері Евгения Пермякова «Званый вечер с итальянцами», «Ключ на мостовой, или Муж за дверью» атты оперетталарымен қарағандылық өнер сүйер қауымға танымал. Костюм бойынша суретші және сценографияның авторы Любовь Сидельникова Минскіден (Беларусь) келген. Санкт-Петербургтік балетмейстер Антон Дорофеев би нөмірлерін өзірледі. Хормейстер – «Құрмет» орденінің кавалері Татьяна Штыкова.
Жаңа қойылымның тұжырымдамасы өзгерді. Енді онда жеке вокалдық нөмірлер мен статикалық мизансцена жоқ. Спектакль бойы хор мен балеттің әсерлі өнерін тамашалауға болады.
Станиславский театрының сахнасында ойналатын «Достоевский FM. Хроника Мордасова» жанжал-карнавалын әзірбайжандық режиссер Микаил Микаилов қойды. Қарағанды сахнасында екінші жыл қатарынан осы шебердің Н. Саймонның «Ақымақ» қойылымы ойналуда.
Микаил Микаилов жаңа қойылымның негізіне Федор Достоевскийдің «Дядюшкин сон» хикаятының сюжетін алып отыр. Алайда, режиссердің ойынша, іс-әрекеттер 19 ғасырда емес, бүгінгі күнде де дамиды. «Киберпанк» стиліндегі көрініс қызықты, ал декорациялар жарқындығымен көрермендердің көңілінен шығары хақ.
Премьера 20 және 21 сәуірде өтті. Келесі көрсетілім 19 мамырға жоспарланған.