Қарағандыда Санкт-Петербургтің көрме жобалары ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Петр I Кунстамеры дәстүрінде" атты экспозиция ұсынылды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Экспозиция үш көрме жобасынан тұрады. Көрме Санкт-Петербургтен әкелінген. Бұл "елес-картиналар" атты бейнелеу голограммаларының көрмесі, ресейлік императорлық анатомиялық мұражайдың "Спиртті ғажайыптар" және "Мысыр мумиялары. Уақыт бастауында" көрмесі.Мамандар атап өткендей, бірінші көрмеде келушілер голография саласындағы жетістіктермен таныса алады. "Спиртті ғажайыптар" экспозициясы салауатты өмір салтын және экологиялық тәрбиені насихаттауға бағытталған. Үшінші көрме "Мысыр мумиялары. Уақыт бастауында" Ежелгі Мысырдың ұлы өркениетінің құпиясын, атап айтқанда мумификация құпиясын ашады.
Елес-картиналар атты бейнелеу голограмаларының көрмесінде жұқа шыны пластинкаларға жазылған шедеврлердің көлемді оптикалық көшірмелері көрсетілді. Сақтардың алтыны, 16-18 ғасырлардың иконалары, Эрмитаж, Суворов мұражайы, этнография мұражайы, Әскери-теңіз мұражайының экспонаттары, сондай-ақ АҚШ-тан келген екі және үшкурстық голограммалар ұсынылған.
Бұл, әрине, репликалар, бірақ олар Санкт-Петербургтің ең үздік суретшілерімен жасалған, олардың әзірленуін Эрмитаждың қызметкерлері басқарған. Сондықтан жәдігерлер түпнұсқаға барынша жақын. Біздің көрмені тамашалап, қарағандылықтар көп ғасырлар бұрын ұлы патшалар таққан сәнді әшекейлерді көре алады, Ежелгі Мысыр астрологтарымен бірге жұлдыздарға жақындай алады, - дейді жоба өкілі Рушания Ғаббасова.
Ресей императорлық анатомиялық мұражайының "Спиртті ғажайыптар» көрмесінде адам дамуының туа біткен ауытқулары, зиянды әдеттердің салдары және экологияның жағымсыз әсері ұсынылған. Келушілер бірегей экспонаттарды - екі басты түлкі, қаршыға және екі денесі бар сусарды көре алады. Тарихи құндылығы бар (70-тен 270 жасқа дейінгі экспонаттарға) экспозиция анатомия тұрғысынан қызықты. Коллекцияда Петербургтің бальзамдау мектебінің бірегей үлгілері жинақталған.
"Мысырлық мумиялар. Уақыт бастауында" атты көрме келушілерге Ежелгі Мысырдың құпияларына жақындауға мүмкіндік береді, олар кез келген заманда адамдарды қызықтырған. Келушілер қазбаларда болып, ежелгі мысырлықтарды қалай жерлегенін көре алады, мумификация құпияларын Анубис Құдайының бетпердесіндегі Ежелгі Мысыр абызымен бірге көре алады, әлемнің көптеген тұсында Алтын саркофагта көмілген Сети фараонын жерлеу кезінде бола алады.
Көрме 23 ақпанға дейін жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы