Қарағандыда "Нұрлы жер" бойынша пәтер кілттері табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда университет қызметкерлеріне жаңа пәтер кілттері табысталды.

Наурыз мейрамы қарсаңында университет қызметкерлері, мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері баспаналы болды. Бұл Қазақстандық ипотекалық компания мен екі министрлік - білім және денсаулық сақтау министрлігі арасындағы меморандум аясында берілген қаладағы алғашқы пәтерлер.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасының әлеуметтік бастамаларын іске асырудың арқасында еліміздің көптеген азаматтары тиімді шарттармен баспана алуда. Жыл басынан бері 54 дәрігер "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша пәтер кілттерін алды. Бүгін біз Қарағанды қаласының білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлеріне кілттерді табыстадық, - дейді "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчурин.

Майқұдықтағы үйден 21 отбасыға пәтер берілді. Олар жалдамалы тұрғын үй үшін әр шаршы метріне айына 1 232 теңге мөлшерінде ақы төлейді.

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы "ИҰ" АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы