Қарағандыда "Әлем Сарыарқаның мылқау суретшілерінің көзімен" көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында "Әлем Сарыарқаның мылқау суретшілерінің көзімен" атты қолөнер және бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағнадай, бұл көрме 1993 жылдың 15-ші маусымында Тұңғыш президенттің жарлығымен бекітілген Қазақстанның мүгедектер күніне орайластырылған.
"Біздің мәдениет үйінде түрлі жанрдағы – театр, би, ән айту, сурет және қолөнер сияқты 14 түрлі үйірме жұмыс жасайды. Мына көрмеге облыс бойынша барлық авторлардың түрлі стиль мен жанрдағы 100 аса туындылары қойылған. Олардың арасында Сергей Щеголихин, Александр Лапин және Сәкен Ысқақов сияқты суретшілердің де жұмыстары бар", - деді облыстық мылқаулар МҮ жетекшісінің м.а. Әсет Әмірбеков.
Бұл экспозицияда кескіндеме, шарж, қолөнер мен бутафория жинақталған. Мылқау суретшілердің көрмесі – бұл мүмкіндігі шектеулі адамдардың шығармашылығына назар аударудың тағы бір мүмкіндігі. Мұндай көрмелер енді екі жылда бір өткізіледі деп жоспарлануда. Айта кетейік, бұл есту қабіліетінде кемшіліктер бар адамдардың қатысуымен өтетін жалғыз шара емес.
"Келесі жылы біз Қазақ саңыраулар қоғамымен бірлесе республикалық қимыл мен ән сайысын өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір кез келген адам ерекше суретшілердің жұмыстарын тамашалап, оларға баға беріп, әрқашанда шығармашылыққа орын барын түсіне алады", - дейді Әсет Әмірбеков.
"Әлем Сарыарқаның мылқау суретшілерінің көзімен" көрмесы 28 қазанға дейін жалғасады.