28 Наурыз 2020 2020, 21:33
Қарағандыда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыдағы коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалары туралы, хабарлады coronavirus2020.kz
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыдағы коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалары туралы, хабарлады coronavirus2020.kz
Бүгін Қарағандыда коронавирус жұқтырудың үш жаңа оқиғасы тіркелді. Пациенттер – әйелдер. Олар бұған дейін карантин госпиталіне орналастырылып, сол жерде жатқан. Сыртқы ортамен байланыста болмаған. Осылайша, бүгінде Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған жеті адам тіркелді. Барлық пациенттің жағдайы қанағаттанарлық, - делінген хабарламада.