Қарағандыда карантинге жатқызылған 4 адамнан вирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Жезқазған қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам анықталды, олар 2000 жылғы ер адам, 2000 жылғы қыз бала және 1996 жылғы ер адам. Бұған дейін барлығы Ресей Федерациясынан келгендіктен, карантинге жатқызылған болатын. 04.05.2020 күнгі ПТР талдау нәтижелері бойынша оларға COVID-19 диагнозы қойылды. Үшеуі де жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.Келесі бір жағдай Теміртау қаласында тіркелді, ол 1982 жылғы ер адам. Бұған дейін вирусты жұқтырып алған науқаспен байланыста болғандықтан карантинге жатқызылған болатын. 04.05.2020 күнгі ПТР талдау нәтижелері бойынша оған COVID-19 диагнозы қойылды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
2020 жылғы 4-мамырдағы жағдай бойынша облыста инфекцияны 159 адамның жұқтырғаны анықталған, оның ішінде 2 адам көз жұмған және 73 науқас жазылып шыққан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 44 адам тіркелді
Өзгелердің жаңалығы