Қарағандыда күздік жартылай марафон өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды қаласында «Kúzdik Jarty Marathon» өз мәресіне жетті. Алғаш рет ұйымдастырлған бұқаралық спорт мерекесі жоғары деңгейде өтті.
«Kúzdik Jarty Marathon» таңғы жаттығумен басталды. Әлемдік деңгейдегі фитнес нұсқаушысы, Австрияда өткен әлем чемпионатының қатысушысы, жеңіс атлетикадан спорт шебері Лидия Перевалова қатысушыларға ашық жаттығу өткізді.Осыдан кейін құрметті қонақтар «Kúzdik Jarty Marathon» бұқаралық спорт мерекесін ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Алдымен, жақында ғана Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Абзал Нүкенов сөз алды. Одан кейін Қарағанды облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы, жеңіл атлетикадан 2004 жылғы Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Дмитрий Карпов пен Гиннестің рекордтық кітабына жеті мәрте енген, ультрамарафоншы Марат Жыланбаев сөз сөйледі.
1500-нан астам қатысушы алдын-ала жарна төлеп тіркелгендері бойынша үш қашықтыққа жүгірді. Атап айтсақ, 7, 14 және 21 шақырым 195 метр жолына 18 жастан асқан кез келген азамат қатысты. «Kúzdik Jarty Marathon-да» 10 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Оның ішінде бесеуі ерлер, бесеуі әйелдер арасында үлестірілді. Сондай-ақ өзге қатысушылар да медальсыз қалған жоқ. Мәреге жеткендердің бәріне жалпылама арнайы дайындалған медальдар берілді.
Бұл спорт мерекесіне танымал қазақстандық мамандар, жеңіл атлетикадан республикалық сайыстарда қазылық етіп жүрген төрешілер таңдалып қызмет көрсетті. Олардың қатарында Қазақстанның бірқатар ірі жеңіл атлетикалық жарыстарының бас төрешісі болған – Дамир Абулев, Юрий Маштаков, Ирина Маштаков, Валерий Иванишколар бар.
Сарыарқаның ортасында орналасқан – кеншілер қаласы Қарағанды жарқырап тұрды. Ауа-райы да жүгірушілер үшін қолайлы болды.
Kúzdik Jarty Marathon» нәтижелері:
7 шақырым (ерлер)1. Әлімжан Балтабек – 00:22.43
2.Серік Айтқазин – 00:23.29
3.Мирас Жетібаев – 00:23.45
7 шақырым (әйелдер)
1. Гүлмира Аменова – 00:28.01
2.Анна Володина – 00:29.49
3. Любовь Комкова – 00.:30.30
14 шақырым (ерлер)
1. Александр Колонда - 49:32
2.Артём Ряполов 51:51
3.Дәулет Сәдуақасов - 54:06
14 шақырым (әйелдер)
1.Татьяна Палкина - 59:50
2. Айна Үсенова - 1:04:31
3. Юлия Савинова - 1:04:33
21 шақырым 195 метр (ерлер)
1. Вячеслав Слободенюк– 1:16.07
2.Иван Старожилов - 1:26.21
3. Өмір Жұмағали - 1:26.25
21 шақырым 195 метр (әйелдер)
1. Әсел Құспанова - 1:45.24
2. Кристина Власова - 1:50.20
3. Диана Асауова - 1:53.01
Айта кетейік, алғаш рет Қарағанды қаласында «Kúzdik Jarty Marathon» өтті. Оған 1500-нан астам адам қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы