Қарағандыда көпбалалы әке «Мен – табысты анамын» шеберлік сабағын өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласында «Ақ жаулық» атты кездесу өтті. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ата-аналар мен колледж студенттері жиналды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

«Алтын алқа» иегері Айнагүл Хамитова, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі; «Алтын той», «Наурыз пати» жобаларының жетекшісі және «Дәстүрлер және тренд» қалыңдықтар курсының авторы Алтангүл Қаникар және басқалар жастармен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бұл кездесуге көп балалы әке де келді. Әнуар Жұмаділдин жұбайымен бір жыл бұрын қайырымдылық жобасын іске қосқан. Олар аз қамтылған жалғыз басты аналар үшін жексенбілік түскі ас өткізіп, содан кейін авторлық мотивациялық күнделіктер құрды.

«Қазір мен Достық үйінде «Мен – табысты анамын» атты тегін шеберлік сабақтарын өткіземін. Оларға көп балалы аналар, кейде әкелер де келеді. Біз тайм-менеджмент, Қаржылық сауаттылық және табыс формуласы туралы айтамыз. Соңында тыңдаушылар сертификат алады. Алдағы уақытта ата-аналармен өзара қарым-қатынасты талқылау және өз жетістігін жоспарлау үшін жасөспірімдер үшін осындай шеберлік сабақтарын өткізгім келеді», - деді Әнуар Жұмаділдин.

Мұражайда атап өткендей, кездесу ұйымдастырушылары жастардың отбасылық құндылықтар туралы ата-анасының аузынан көбірек білгенін қалайды.

Қазақстанда Ана күні жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл мереке 2012 жылы Елбасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы