Қарағандыда ерекше балалардың айрықша көрмесі ашылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандылықтар мен қала қонақтары облыстық «Бейнелеу өнері мұражайында» ашылған «Әлем балалар көзімен» атты көрмені тамашалай алады.
Көрмеге Батыс Қазақстан облысының есту, сөйлеу және көру қабілеттері бұзылған, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің жұмыстары қойылған.
«Аялаған Алақан» қоғамдық қорының ұйымдастырумен ашылған «Әлем балалар көзімен» көрмесіне оралдық 7 баланың жұмыстары қойылған.
Есту, көру, сөйлеу қабілеттері бұзылған балалардың суреттері ерекше деп айтуға болады. Әрбір сурет қоршаған ортаға деген жылылыққа, махаббатқа толы. Осы суреттерге қарап, мейлі дені сау бала не болмаса денсаулығында қандай да бір кәніраты бар бала болсын, олардың барлығы талантты деген ой келеді. Мұндай балалар өздерін өнерде де сынап көргісі келетіндігін көруге болады. Бұл суреттер арқылы ерекше балалардың ішкі жан дүниесінің қандай ашық екендігін, олардың өмірді түрлі-түсті түстермен көретіндігін байқауға болады, - дейді Бейнелеу өнері мұражайының директоры Бибігүл Құдабаева.
Аталған көрме еліміздің басқа да қалаларында көрермендерге ұсынылып, қазақстандықтар мүмкіндігі шектеулі балалардың бейнелеу өнеріндегі жұмыстарын тамашалай алады.
Аталған шығармашылық көрмеге жеті қатысушының 20-дан астам жұмыстары қойылған. Бұл еріктілердің бастамасымен қолға алынға жоба. Олардың жоспары бойынша көрме еліміздің басқа да қалаларындағы музейлерге қойылады, - дейді мұражайдың ғылыми қызметкерлі Назерке Жартын.
Көрмеге қойылған жұмыстардың ішінде ерекше көзге түсетіні 14 жастағы Антон Рудыйдың суреттері. Антонның өнері жайлы «Аялаған Алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының басшысы Рада Хайрушева мынадай жазба қалдырған.
Антон арнайы топтағы менің алғашқы оқушыларымның бірі. Таныстығымызға 3 жылдан асты. Оның қалай есейіп, мінезі мен әдеттерінің өзгергеніне куә болдым. Өте мейірімді әрі жайдары бала. Әуелде ұсақ бөлшектерді салу қиын болғанымен, уақыт өте келе үйренді, - дейді Рада Хайрушева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы