Қарағандыда бір подъезд 14 күндік карантинге оқшауланды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды қаласында вирус жұқтырғандар саны 7 адамға жетті. Кеше анықталған үш сырқат Қарағанды қаласының тұрғындары. Олармен қарым-қатынаста болғандар анықталып, оқшауландырылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, емделушілердің жағдайы қанағаттанарлық.

Қарағанды қаласында вирус жұқтырған 7 адамның үшеуі Қарағанды қаласының тұрғындары. Барлық емделушілер санитарлы нормалардың сақталуымен оқшауландырылған. Олар емдеу шараларын қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қалыпты деп бағалануда. Емдеуге қажетті дәрі-дәрмек мөлшері жеткілікті,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Сонымен қатар, аймақта тәулік бойғы оқшауландыруға 509 адам жатқызылған. Үй жағдайындағы карантинде 421 адам оқшауландырылған. Басқарма басшысы коронавирус инфекциясын анықтау тестілері жайлы мәселеге де тоқталды.

Облыс бюджетінің қаржысына 100 мың экспресс-тест сатып алынған. Жақын уақыттары экспресс-тесттер емханаларда пайда болады. Клиникалық белгілері байқалған жағдайда тестілеу Қарағанды облысының тұрғындары үшін тегін болады, - деді ол.

Облыстың бас санитарының айтуынша коронавирус індетін жұқтырған соңғы үш адаммен байланыста болғандардың барлығы анықталған.

Қарағанды қаласында анықталған сырқаттармен тығыз қарым-қатынаста болуы мүмкін адамдар анықталып, карантинге жатқызылған. Олар тұрған подъезде дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, 14 күндік карантинге оқшауландырылған. Аталған подъездегі тұрғындарға қажетті азық-түлік жеткізіліп отыр. Тәулік бойғы бекетте әкімшілік полиция қызмет атқаруда, - деді Қанат Асқаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы