Қарағандыда "Ауыл береке" жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда биылғы жылғы бірінші облыстық "Ауыл береке" ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Мұнда өнімдер құны нарықтық бағадан шамамен 20%-ға төмен.

Сиыр немесе қой етіннің бір келісін жәрмеңкеде 1400 теңгеге алуға болады, жылқы еті – 1800, шошқа етін 1100 теңгеге сатады.

Бірінші санатты жұмыртқаның он данасы 220 теңге, бір литр үй сүтін де осы бағамен сатып алуға болады. Мұнда картоп 60 теңгеден, сәбіз 55 теңгеден, қырыққабат 70 теңгеден сатылуда. Жәрмеңкеге барлығы 550 тонна өнім әкелді: 52 тонна ет, 300 тоннадан астам көкөніс және тағы басқалар. Мұнда барлығы 144 тауар атауы ұсынылған.
"Мұндай жәрмеңкелер сатушыларға да, сатып алушыларға да тиімді. Фермерлерге делдалсыз сатуға ыңғайлы, ал арзан бағамен олар өте көп сатады. Ал сатып алушыларға азық-түлікті супермаркеттер мен базарларға қарағанда арзанырақ сатып алу тиімді", - дейді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров.

Жәрмеңкедегі ең танымал тауар ет болды. Көптеген келушілер оны үлкен көлемде сатып алды.
"1400-ден сиыр етін қайдан сатып аламыз? Дүкендерде оның бір келісі 2000 теңгеге жуық болады. Біздің отбасымыз үлкен емес, сондықтан жәрмеңкеде қысқа ет сатып ала аламын. Мен жақсы етті төмен бағамен таңдап алу үшін арнайы Майқұдықтан таңертең ерте келдім", - дейді зейнеткер Валентина Натковская.
Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлар тек азық-түліктермен ғана шектеліп қалған жоқ. Мысалы, "Жан Дос" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өкілдері мұнда өздері өндіретін төсек жабдықтарын ұсынды. Екі орындық кереуетке мақта матасынан жасалған төсек жиынтығын 7500 теңгеге сатып алуға болады. Ал 1,5 орындық төсекке арналған жиынтықтар 4000 теңгеден басталды.

Мұнда, сондай-ақ аяқ киім, шұлықтар және қол орамалдар саудаланды.

Биыл Қарағандыда тағы екі жәрмеңке өткізу жоспарлануда – 26 қазан және 9 қарашада.
 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы