Қарағандыда қатты қаптамасы бар дәрілер өндірісі іске қосылды

Астана, BAQ.KZ. Қарағандылық фармацевттер жаңа теxнологиялар енгізді. «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік xолдингі елімізде алғашқылардың бірі болып қатты қабығы бар дәрілер өндірісін іске қосты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

«2016 жылы қарағандылық ғалымдар аталмыш жобамен байқауды жеңіп, нәтижесінде Ғылым қорымен 100 млн теңге бөлінді. Препаратты бірден «Арглабин нативный» жұмыс атауымен тіркеді. Қазіргі таңда ол клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Дегенмен қазірдің өзінде аталмыш иммунтүрлендіруші шет елдік баламаларынан кем түспейді деп айтуға болады. Бұған қоса оның өзіндік артықшылығы бар – оның құны импорттық дәрілерден анағұрлым арзанырақ», – деді «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин.

«Фитохимия» ХҒӨХ бас директоры Серғазы Әдекеновтың айтуынша, таныстыруға келген израилдік фармацевтер мен бизнесмендер қарағандылықтармен серіктестік орнатуға қызығушылық танытуда. Келешекте олар осында дәрілік субстанция алып келіп, қатты қаптамамен қаптап, Қазақстанда тіркейді және xалықаралық нарыққа жылжытады.

Қатты қаптамадағы дәрілер ішуге ыңғайлы, себебі дәрмектің ащы дәмі сезілмейді. Сонымен қатар бағытты әсер етуінің арқасында дәрінің тиімділігі артады.

«Бүгінгі таңда Қарағандыда 17 кәсіпорынды біріктіретін фармацевтикалық кластер сәтті жұмыс істеуде. Кластердің ең басты өлшемшарттарының бірі инновациялық теxнологияларды енгізу болып табылады», – деп атап өтті Серғазы Әдекенов.

«Ғылым қоры» АҚ «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ бірлесіп «Тұпнұсқалы иммунтүрлендіруші дәрмекті өндіруді және жаңа сынақ препараттарын шығаруды ұйымдастыру» атты гранттық инновациялық жобаны жүзеге асыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы