Қарағандыда қарғын судан қауіп бар ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімдігінде ТЖ комиссиясының және су тасқыны кезеңіне дайындық штабының отырысы өтті. Әр бағыт бойынша басқармалар мен ведомстволардың басшылары есеп берді. 

Жағдай тұрақты бақылауда, деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев. Қазір су тасқыны қаупі жоғары елді мекендері бар барлық аудандар бақылануда.

Жақын күндерде синоптиктер облыста ауа райы құбылмалы болады деп болжауда. Аяздар мен жылы ауа температурасы алмасып отырады деп күтілуде. Ауа-райы жағдайын ескере отырып, биылғы жылы су тасқынына дайындық қаңтар айынан бастап жүгізіле басталды.

Өздеріңіз білетіндей, облыс әкімі іс-шаралар жоспарына қол қойды. Болжамдық деректер де бар. Сондықтан су тасқынының алдын алу бойынша барлық мәселелерді алдын ала пысықтау керек, - деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Дәлірек гидроболжам жасау үшін мамандар өзен бассейндерін аралап шығады. Облыста 1-ші қаңтардан бастап 8 гидробекет ашылды.
Өңірде гидроқұрылыстар тексерілді. Су тасқынының алдын алу бойынша Жол картасын іске асыру аясында Нұра және Шерубай-Нұра өзендеріне санация жүргізіледі. Облыстық бюджеттен Топар бөгетін күрделі жөндеуге қаражат бөлінді.

Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы бар: Кеңгір, Шерубай-Нұра және Самарқанд. Қазіргі уақытта Самарқанд су қоймасынан суды ағызу есебінен Нұра өзенінің арнасын шаю жұмыстары жүргізілуде. Мұз астындағы су арнаны толтырады. Бұл бітеліп қалу немесе басқа да кедергілердің алдын алуға мүмкіндік береді. Ақпан айының 20-ы күні Шерубай-Нұра су қоймасынан су ағызуды бастау жоспарланып отыр, - деп хабарлады Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының басшысы Мүслім Аққожин.

Облыстық және Республикалық маңызы бар жолдарда су өткізу құбырларын тазалау жұмыстары басталады.
Облыс ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев хабарлағандай, қазіргі уақытта су тасқынына ұшырайтын елді мекендердің әкімдерімен оқу-әдістемелік жиын өткізіледі. Оның айтуынша, 25-ақпанда республикалық оқу-жаттығу өтеді.

Қазір бізде қар шығару жұмыстары басым бағыт болып отыр. Әрбір елді мекен бойынша нақты карта болу керек. Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі - бұл барлық қалалар мен аудандар әкімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың дербес жауапкершілігі. Біз үйлесімді жұмыс істеуге тиіспіз, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Облыс әкімінің орынбасары ТЖД басшылығына өңірді су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша жалпы үйлестіруді жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ, жол картасымен қарастырылған іс-шараларды одан әрі орындау бойынша басқарма басшылары тапсырмалар алды.






Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы