Қарағандыда 37 бизнес нысан жұмысқа дайындық актісін алмаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда мобильдік топтар қызметін жаңғыртуға өтінім берген кәсіпкерлік нысандар бойынша рейд жүргізуде. Күн сайын Қазыбек би атындағы ауданда осындай 10 топ тексеруге шығады. Олар тексерген 211 нысанның 37-сі жұмысқа дайын болмаған.
Қазыбек би атындағы ауданда 10 мобильді топ жұмыс істейді, олардың құрамына полиция, СЭҚ, әкімдік және "Атамекен" КП өкілдері кіреді. Біздің міндетіміз – нысандардың қызметті қайта бастауға дайындығы туралы өтініштерді қарастыру, - дейді Қазыбек би атындағы ауданның тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Марина Шевченко.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде нысандардың қызметін жаңғыртуға дайындық актісін алуға 532 өтінім келіп түскен.
Біз тексерген 211 нысанның 37-і қажетті нормаларға сәйкес келмейді, яғни жұмысқа дайын емес. Актіні алып, кәсіпкерлер карантиннің барлық кезеңіне қажетті талаптарды сақтауға міндеттенеді. Ол - дезрежим, санитайзерлер, қызметкерлер мен келушілердің маска киюі, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т.б. Бүгінгі күні 22 нысанды инспекциялау қажет. Егер олардың кейбіреулері талаптарға сай келмесе, олар жабылып, жұмысқа дайындалуы тиіс. Содан кейін ғана қызметтерін қайта бастауға өтініш беру керек, - деп түсіндірді Марина Шевченко.
2 маусымда "Ақжол" ЖК нысанының жұмысқа дайын еместігі туралы актіні алды. Мұнда дезинфекциялық кілемшелер мен антисептиктер жоқ. Нысан әкімшісі түсіндіргендей, олар объектінің жұмысқа дайындығы туралы өтінім бергенімен, барлық талаптарды орындап үлгермеген. Кәсіпкер нысанын ашуға дайын болған соң, өтінімді propusk.kz порталы арқылы қайта бере алады.
Мобильді топ өкілдері тексерген BalMuz жазғы дәмхана және MAGIC СҮ жұмысқа кірісуге толық дайын.
Бүгін біз тексеруден өттік. Біздің облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес барлық санитарлық нормалар сақталған. Біз жеке кіру және шығу дәлізін жасадық, келушілер ара қашықтықты сақтауы үшін белгі салынды. Біздің барлық қызметкерлер бетперде және қолғаптармен қамтамасыз етілген, барлық жерде антисептиктер тұр, кіре берісте дезинфекциялық кілемшелер төселген. Қазір қонақтарды қабылдауға дайынбыз, - деп атап өтті BalMuz жазғы дәмханасының әкімшісі Гайнель Мүтәліпова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Уханьда коронавирус еш симптомсыз өтуде – зерттеулер
Өзгелердің жаңалығы