Қарағандыда 3 адамды пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласында пышақ жарақатымен үш адам ауруханаға жатқызылды. 

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

31 тамыз күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы Бабушкина көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан қалалық ауруханаға пышақ жарақаттарымен қаланың үш тұрғыны жатқызылып, біреуі алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы