Қарағанды теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда жолаушылар Қарағанды облысындағы теміржол вокзалына жасалған өзгерістерге баға бере алады, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.
Бүгінде жаңа қанаттың құрылысы әлі де жалғасуда. Ондағы жұмыстарды құрылысшылар қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр.Бұл нысан Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың тұрақты бақылауында. Өңір басшысы жұмыс сапары барысында вокзалға барып қайтты. Аймақ жетекішісін жұмыстың сапасы мен жобаның толық аяқталу мерзімі қызықтырды.
Құрылысшылар вокзалдың ескі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізді. Ғимаратта электрондық ақпараттық табло қосылады. Қазіргі уақытта еденді жылыту және термореттеу жүйелерінің жұмыс істеуіне тексеру жүргізілуде. Мұнда кассалар, багажды тексеру пункттері, екі күту залы бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, ана мен балаға арналған бөлмелер пайда болды.
Вокзалдың жаңа қанатының құрылысы кесте бойынша жүріп жатыр. Қаңқасы тұрғызылды, ішінде әрлеу жұмыстары, лифт пен эскалаторлар орнату жүріп жатыр. Сонымен қатар қасбетті травертинмен қаптау басталды.
"Платформаларға апаратын конкорстық өткелді монтаждау үшін барлық қажетті шарттар жасалды. Құрылыстың бұл бөлігін қазан айының басында аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді "Қазақстан темір жолы" АҚ филиалының бас директоры Еркін Мейірбеков.
Темір жол вокзалының жаңа қанатында қосымша кассалар мен күту залдары, фудкорттар орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштер орнатылады.
Ерлан Қошанов жолаушыларға ыңғайсыздық тудырмау үшін кестені қатаң сақтауды және қатты суыққа дейін жаңартылған вокзалды ашуды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, вокзалдың мұндай ауқымды реконструкциясы ешқашан болған емес. Құрылысшылар үшін басты міндет ғимараттың тарихи келбетін сақтап, сонымен қатар оны қазіргі заманғы нормалар мен талаптарға сәйкес ету болды. Жаңартылғаннан кейін вокзалдың өткізу қабілеті 2,5 есеге артады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұнай бағасының өзгеруі Қазақстанға қалай әсер етпек?
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы