Қарағанды сүт кәсіпорны Қытайға тауар импорттаушылар тізіміне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ."Еуразия Инвест ЛТД" Қарағанды компаниясы Қытай нарығына жол ашты. Ол үшін бес жыл бойы күрделі жұмыстар атқарылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы қыркүйекте ҚХР-ға сапары бұл кәсіпорынның көршілес елге жол салуына түрткі болды.
Бір апта бұрын, 5 маусымда, құрғақ түйе сүті тиелген жүк көліктері Қарағанды облысынан Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласына жөнелтілді. Жақында жүкті межелеген нүктеде салтанатты түрде қарсы алды. Қытайлық тұтынушыларда бірегей Қарағанды сүт өнімдеріне сұраныс бар.
Жаңа экспорттық мүмкіндіктер туралы "Евразия Инвест ЛТД" ЖШС Бас директоры Қадырбек Мейрамбеков айтып берді.
- Қарағанды облысының Осакаров ауданында 2014 жылы құрғақ бие сүтін өндіретін зауыт ашылды. Біз Saumal брендін іске қостық, - деді компания басшысы.Өткен жылы кәсіпорын елдегі ең алғашқылардың бірі болып Saubota құрғақ түйе сүтін шығара бастады.
"Евразия Инвест ЛТД" шикізатты Қазақстанның оңтүстігінен сатып алады, себебі ол өңірлерде түйе саны көп. Қарағанды облысында ол сүт өңделеді, содан кейін құрғақ ұнтақ ретінде Алматыға жеткізіледі. Онда оны банкалар мен вакуумдық пакеттерге орайды. Біз қазір Түркістан облысы мен Алматыда филиалдар ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл өз кезегінде логистика шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Аталмыш мәселе шешілу сатысында. Өндірісті кеңейту жобасы Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен іске асырылады. Осы айда қаржыландыруды ашуға уәде берді, - деп түсіндірді Қадырбек Мейрамбеков.Оның айтуынша, Қытай елі Қарағанды зауытының өніміне қызығушылық танытуда. Айына тапсырыс берушілер кем дегенде 30-40 тонна құрғақ түйе сүтін сатып алуға дайын. Бұл бірінші жеткізу партиясынан 10 есе артық. Бірақ сұранысты қанағаттандыру үшін шикізат пен қуаттың жетіспеу проблемасын шешу қажет.
Жоба облыстық және республикалық деңгейде үлкен қолдауға ие болды, деп атап өтті бас директор.
Ел Президентінің Қытайға сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында сүт өнімдерін экспорттау бойынша келісімге қол қойылды. Биылғы жылдың қаңтар айында үш қазақстандық сүт кәсіпорны Қытай импортерлері тізіліміне енгізілді. Олардың бірі - "Евразия Инвест ЛТД" ЖШС.
Біздің өнім Шанхай және Пекин зертханаларында сапаға тексеруден өтті. Осакаров ауданындағы зауыт сертификациядан өтті. Комиссия келіп, технология, экология және басқа да параметрлер бойынша қорытынды берді. Өткен жылы мемлекетаралық келісімге қол қойылғаннан кейін біз "Қорғас" ШЫХО-на 609 млн теңгеге өз өнімдерімізді саттық. Бірақ қаңтар айында коронавирус пандемиясы басталуының салдарынан сауда алаңы жабылып қалды және де әлі күнге дейін жұмысын бастаған жоқ. Басқа жолмен жүріп, Қытайға 3,5 тонна өз өніміміздің алғашқы партиясын жібере алдық, - деді Қадырбек Мейрамбекбеков.
Қытай нарығына Қарағанды өндірушісінен сүт өнімдерін жеткізу тұрақты негізде жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
Кәсіпорын алдағы уақытта Қарағанды облысында құрғақ бие сүтінің негізінде балалар тағамы өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.