Қарағанды облысының әкімі шахтерлармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Шұбаркөл Көмір» АҚ жұмысшыларымен кездесті.
Өңір басшысы тау-кен жұмыстарын жүргізетін «орталық» көмір разрезінде болды. Ол осы жылы кәсіпорынға келіп түскен өндірістік алаң мен жаңа техниканы қарап шықты.Қызметкерлер соңғы жылдары жабдықтар жаңартылып, өндіріс көлемі өсіп жатқанын атап өтті. Бірақ жұмысшыларды бірінші кезекте - еңбекке ақы төлеуге қатысты сұрақтар да толғандыраты айтылды.
"Біздің, яғни жергілікті атқарушы биліктің жұмысы - сіздердің әл-ауқаттарыңыз бен өмір сүру жағдайларыңыз лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету болып табылады. Біз облыстың кәсіпорындарындағы еңбекақы деңгейін үнемі қадағалаймыз. Әсіресе өндірістің қауіпсіздігі жіті бақылауда. Сіздердің денсаулықтарыңыз бен өмірлеріңіз - ең қымбат. Сондықтан әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасына қатысты қойылатын талаптар ешқашан артық болмайтынын түсінулері керек. Бұл сіздер үшін маңызды", - деді Ерлан Қошанов.
Кездесуден кейін облыс әкімі салынып жатқан 120 орындық вахтовиктерге арналған жатақхананы аралап көрді. Бөлмелер тұрмыстық техникамен жабдықталады. Құрылыс аяқталуға жақын. Сонымен қатар, мұнда тренажерлары бар спорт кешені мен екі футбол алаңы салынуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында белсендірілген көмір шығарылады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы