Қарағанды облысының фермерлері жасыл технологияны қолдануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының фермерлері Елбасы – ҚР Тұңғыш президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстанда жүзеге асырылатын жайылымдарды суландыру бағдарламасы аясында жасыл технологияларға көшеді. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Күн панелін Осакаров ауданының Родниковка ауылдық округінде «Лега» және «Шаг» шаруа қожалықтары орнатты.Қалпына келтірілетін электр энергиясы көздері фермерлерге шалғайдағы жайылымдарда су және жарықпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмектеседі. Бір күн панелі сағатына үш киловатт электр энергиясын шығарады. Батареяның тиімділігі ауа райына байланысты емес – шуақты күндері энергияны жинайтын аккумуляторлар бар.
"Біз бұл батареяны жақында сатып алдық. Ол бізге малға су жіберу және ұңғыманы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қажет", - дейді «Шаг» ШҚ директоры Александр Ширинский.
Кәсіпорын мал өсірумен және егіншілікпен айналысады. Жасыл технологиялар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі бойынша енгізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы