Қарағанды облысының экономикасы 5,2% өседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының экономикасы 2019 жылы 5,2% өседі деп күтілуде. Жергілікті атқарушы биліктің алдына дәл осындай міндет қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
Есепті деректер бойынша, 11 ай ішінде облыста өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2,3 трлн теңге сомасында болады деп күтілуде, физикалық көлем индексі 101,9%-дан кем емес. 1,7 трлн теңгеден астам қаражат өңдеу өнеркәсібіне, 357 млрд теңгеден астам тау-кен өнеркәсібіне тиесілі.Негізгі капиталға инвестиция көлемі 676,6 млрд теңге - 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 159,7% деңгейінде күтілуде.
Облыста кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі байқалады. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері 7% көрсеткішке жетті. Оларды саны қазір өңірде 90 мыңға жуық.
Жұмыссыздық деңгейі 4,4%-ға дейін төмендеді. 32,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы 12 мыңнан асады.
"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 11 айда 372,8 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Қалалар мен ауылдарда 18 жаңа балабақша ашылды, оның 16-ы жеке меншік. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытудың арқасында мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығы мәселесі шешімін тапты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда бұқаралық спортқа үлкен көңіл бөлінуде
Өзгелердің жаңалығы