Қарағанды облысының 376 мектебі қашықтықтан оқытуға көшеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының 376 мектебі қашықтықтан оқытуға көшеді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиев мәлімдеді.

Сала басшысы қазір өңірдегі оқушылар мен мектептердің жаңа әдіске қаншалықты дайын екенін айтты.

6 сәуірде 208 қалалық мектеп қашықтықтан оқытуға көшеді – бұл 155 095 оқушы және 168 ауылдық мектеп, онда 38 519 оқушы шұғылданады. Сабақтар Google Classroom, Daryn, online.kz, Edupage.org, Moodle және Zoom платформаларында өтеді, - деді ол.

131 ауылдық мектептерде оқыту дәстүрлі түрде жалғасады. Бұл облыстың шалғай аудандарындағы мектептер, онда оқушылар саны 80 адамнан кем. Екі ауысымда оқитын болады, кабинеттік жүйе тоқтатылады. Ғимараттың өзінде санитарлық тәртіп күшейтіледі.


Қазір өңірде барлық мұғалімдер мен оқушыларды гаджеттер мен компьютерлермен, сондай-ақ интернетке үздіксіз қолжетімділікпен қамтамасыз етуге тырысады. Жергілікті атқарушы органдар компьютерлер мен планшеттерді сатып алуға қаражат бөлу бойынша жұмыс жүргізуде. Облыстың сегіз аймағында 2 409 компьютер мен планшет сатып алуға 377 млн теңге бөлінген.
Мұғалімдердің 92,5%-ы қашықтықтан сабақ жүргізу мүмкіндігіне ие.
Оқушылардың 95,1% компьютерлермен және гаджеттермен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар ұялы байланыс операторларымен қашықтықтан оқыту кезеңінде оқушыларға тегін негізде мобильді интернет қызметін ұсыну туралы жұмыс басталған.

Аймақтың барлық интернет-провайдерлерімен олар нөл және минустық баланста да пайдаланушыларды қызметтен ажыратпайды деген уағдаластық бар. Желіге түсетін жүктемеге қарамастан, қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты олар іркіліссіз жұмыс істейтін болады, - деп атап өткен цифрландыру басқармасының басшысы Рустам Байжанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы