Жол жөндеуді қаржыландыру артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында шағын және моноқалалардың жолдарын жөндеуге 2020 жылға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарлануда. Бұл туралы аймақ активінің аппарат отырысында белгілі болды, деп облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Ағымдағы жылмен салыстырғанда қаржыландыру бір жарым есеге артады. Жол инфрақұрылымын жөндеу жұмыстары қалалар мен ауылдарда "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде өткізеді.Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтоновтың айтуынша, биыл облыстық және жергілікті бюджеттен бағдарлама бойынша автожолдарды дамытуға 4,1 млрд теңге бөлінген. 100 шақырымнан астам жол ретке келтірілді. Келесі жылы 120 шақырым кенттер ішіндегі және қала көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жол сапасын жақсартуға "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы да көмектеседі. Биылғы жылы Жаңаарқа, Ақтоғай және Ұлытау ауданында төрт жоба жүзеге асырылды. Қосымша қаражат есебінен 25 шақырым жол жөнделді.
2020 жылы Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров және Шет аудандарында 15 жобаны іске асыру қарастырылған. Ауылдық елді мекендерде 150 шақырым автожол ретке келтірілетін болады, - деді Әскербек Халтонов.
Елбасының тапсырмасын орындау үшін республикалық бюджеттен жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеуді қаржыландыру жалғасады. Алға қойылып отырған міндет – 2025 жылға қарай жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін жақсы жағдайда 95%-ға жеткізу. Өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру облыстың моно және шағын қалаларының инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек алдағы жобалар үшін құжаттамаларды уақытылы дайындауды тапсырды.
Келесі жылы республикалық бюджеттен жолдарды жөндеуге көп қаржы бөлінеді. Облыстық бюджеттен қаржыландыру да ұлғаюда. Біз өз тарапымыздан бәрін нақты пысықтауымыз керек. Жолдардың сапасын жақсарту басым бағыттардың бірі болып табылады, - деп атап өтті аймақ басшысы.
Облыстың моно және шағын қалаларындағы автожолдардың жалпы ұзындығы 1427 шақырымды құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Димаш Мәскеуде екінші рет жеке концертін береді
Өзгелердің жаңалығы