Қарағанды облысында жергілікті тұрғынға 8 млн теңге шығын келтірген барымташы тергелуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарқаралы аудандық полиция қызметкерлерімен жергілікті тұрғынға 8 миллионнан астам шығын келтірген «Барымташы» анықталды, деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз-қызметі.
Осы жылдың 2 сәуірінде Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 37 жастағы аудан тұрғыны шағымданып, 2018 жылдың желтоқсан айымен 2019 жылдың қаңтар айлары аралығында Бақты ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан жайылымнан 27 бас жылқысы жоғалғаны туралы арызданып, өзіне келген шығынды 8 400 000-ға бағалаған. Мал иесі 4 айға жуық жоғалған малын өзі іздеп, таба алмаған соң полицияға арызданып, қылмысты жедел ашу мүмкіндігін жоғалтқан.
"Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша кешенді іс-шаралар атқарылып, Қарқаралы ауданына қарасты барлық қыстақтарға тексеріс жұмыстары жүргізілді. Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел алдын алу іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Томар ауылының бұрын осындай іспен полицияның назарына іліккен 35-жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда", - делінген таратылған ақпаратта.

Қарағанды облысы полиция департаменті мал иелеріне өздерінің мүлкіне сақтықпен қарауларын ескертеді. Көп жағдайларда мал ұрлығы малдың бағылмай қараусыз жүруінен ұрланады. Мал иелері малдарын қараусыз жіберуімен қоса бірнеше айға дейін оны қарамай «барымташыларға» өздері жағдай жасап беретінінде атап өткен жөн. Сондықтанда мал бағуды ұйымдастырып, өздерінің малдарына ен салып, жайылым жерлерін бақылауға алып, егерде ұрлық болған жағдайда бірден полицияға хабарласу қажеттігін ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстанда жол мен коммуналдық жүйелер жөнделеді
Өзгелердің жаңалығы