Қарағанды облысында «Жас кәсіпкер» жобасына қатысушыларды қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ҰКП «Жас кәсіпкер» Білім беру жобасының екінші легі басталады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Оқу 15 тамызда басталады. Жобаға қатысу жастарға кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алуға, өз орнын табуға, өз бизнесін ашуға және грант түрінде 200 АЕК (505 мың теңге) бастапқы капитал алуға, жылдық мөлшерлемесі 6% бен 8000 АЕК-ке дейінгі сомаға жеңілдікті несие алуға мүмкіндік береді.
Ниет білдірушілер Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасының филиалдарына немесе халықты жұмыспен қамту орталықтарына, сондай-ақ елді мекендердің әкімдіктеріне жүгіне алады. Жобаға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәліктің көшірмесі, мекен-жай анықтамасы (egov.kz) және жобаға қатысу үшін толтырылған өтініш.
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы хабарлағандай, 13-14 тамызда үміткерлер жобаға қатысу үшін тестілеуден өте алады.
Оқыту облыстың барлық аудандары мен қалаларында, оның ішінде Қарағандыда өтетін болады. Жобаға қатысушыларды тәжірибелік тапсырмалар, кейстер, іскерлік ойындар күтіп тұр. Кәсіпкерлер палатасы әзірлеген бағдарлама бизнесті жүргізу үшін қажетті ұғымдар мен құзыреттерді білуге және жүйелеуге көмектеседі.
Оқу мерзімі 25 күннен аспайды. Бағдарламаға қатысушыларға стипендия төленеді және оқуды аяқтаған кезде әрқайсысы сертификат алады, оның көмегімен одан әрі грант пен жеңілдікті несие алуға үміткер болады.
Толығырақ ақпарат алу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП байланыс орталығының 1432 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) немесе Ермеков көшесі, 29, 3 қабат (316 кабинет), мекенжайы бойынша Қарағанды облысы бойынша кәсіпкерлер палатасына немесе a.bukharbayeva@atameken.kz электрондық поштасына хат жіберу керек. Үйлестірушінің нөмірі: 87775252861.
«Жас кәсіпкер» жобасының мақсаты – барлық жастағы жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен қамтылған тұрғындарды, оның ішінде NEET санатындағы жастарды, жас отбасы мүшелерін, аз қамтылған көп балалы отбасыларды, аз қамтылған еңбекке жарамды 18 бен 29 жас аралығындағы мүгедектерді кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.
Айта кету крек, «Жас кәсіпкер» жобасының бірінші ағымында Қарағанды облысының 600-ден астам тұрғыны оқудан өтті.