Қарағанды облысында вирус жұқтырған 2 адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам анықталды, деп жазды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Вирусты жұқтырған адамдардың біреуі 1958 жылғы әйел адам, Қарағанды қаласының тұрғыны. Екіншісі 1976 жылғы әйел адам, Абай қаласының тұрғыны. Өздеріне дейін вирусты жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан, карантиндік стационарға жатқызылған.ПТР талдау нәтижелері бойынша екеуінде де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады.
Олардың жағдайы қанағаттанарлық.
2020 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде инфекцияны 113 адамның жұқтырғаны анықталған, оның ішінде біреуі қайтыс болды, 36 науқас жазылып шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: 39 науқас тіркелді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы