Қарағанды облысында тұрғын үй қасбеттері жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек көпқабатты үйлерді қалыпқа келтіруді тапсырды, деп хабарлады karaganda-region.gov.kz.
Қарағанды облысында келесі жылы тұрғын үйледің қасбеттері жөнделе бастайды. Тұрғын үй қатынастарына туралы заңға енгізілген түзетулер қазір Парламент Сенатының қарауында. Ол пәтер иелері кооперативтерін таратуды, үйлерді қалыпта жағдайда ұстап тұру үшін жинақ шоттарын ашуды, және де қалалық және облыстық бюджет есебінен көпқабатты үйлердің қасбеттерін жөндеуді қаржыландыруды қарастырады."Бұл бізге ғимарат қасбеттері бойынша белсенді жұмыс жасауға мүмкіндік береді, жинақ шоттарын ашуды және жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлуді қарастырады. Егерде бұрын біз демеушілерді іздестірсек, енді бұл жұмыстарды қала немесе облыс есебінен жасай аламыз. Біз келесі жылы қаланың негізгі проблемалық көшелерінде жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Қала әкімдері маған он күн ішінде бірінші кезекте қасбетін жөндеуді қажет ететін проблемалық көшелердің тізімін беріңіздер", - деді облыс әкімі.Жалпы, аймақта 5815 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жөндеуді қажет етеді. Бұл жалпы санның 71% құрайды. Заңға енгізілген түзетулердің арқасында облыс билігі бұл көрсеткішті едәуір жақсартуды жоспарлап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы