Қарағанды облысында су тасқынына дайындық жұмыстары өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында су тасқыны кезеңінде ТЖ орын алғанда және қауіп төнгенде әркет ететін іс-қимылдар пысықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 12 наурызында су тасқынына дайындық жұмыстары аясында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Бұқар жырау ауданына қарасты Ғ.Мұстафин атындағы ауылды арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.Оқу-жаттығу су тасқыны кезеңінде төтенше жағдай орын алғанда және қауіп төнгенде жан-жақты дайындықты және күштер мен құралдарды тексеру мақсатында өткізілді.
Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы И. Күлшімбаев азаматтық қорғау қызметінің және жергілікті атқарушы органдарының құтқару және басқа да кейінге шегерілмейтін жұмыстардың дайындығын тексерді. Жалпы халықты құлақтандыру және эвакуациялау жұмыстары пысықталды. Құлақтандыру елді-мекендерде орналасқан жергілікті құлақтандыру жүйесі арқылы, сондай-ақ мобильдік кешеннің көмегімен көше-көшелерді аралау арқылы жүргізілді.
Оқу-жаттығу барысында жалпыға ауылдағы білім беру орта мектебінде эвакуаиялық орталық пунктінің дайындығы тексерілді. Практика жүзінде халықты қабылдап және тіркеуден өткізіліп, медециналық және психологиялық көмек көрсетілді. Күштер мен құралдардың дайындығын тексеру мақсатында қарды жинау іс-қимылдары пысықталды, суды сору және жағаларды бекіту жұмыстары жүргізілді. Арналарда мұздардың бітелуін ескертуде Нұра өзенінде жару жұмыстары жүргізілді.
Қарағанды облысында барлығы 20 учаскеде өзендердегі мұздарды жою жұмыстары жоспарланды.
Бүгінгі күнге дейін жару жұмыстары Қарқаралы ауданының Жарлы өзенінің арнасында, сондай-ақ Қарасор көлінде су толып кетуі мүмкін теміржол учаскесінің аумағында жүргізілді. 11-наурыздағы жағдай бойынша су өткізгіштердің 40%, автокөлік жолдары және теміржол желілерінің 77% тазаланды.
Осы аталған жұмыстар 20-наурызға дейін аяқтау жоспарланды. Су тасқыны кезеңіне дейін су тасқыны қаупі ықтимал елді мекендердің тұрғындарымен жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қызметкерлері азаматтық қорғау органдарымен бірлесе отырып, су тасқыны құбылыстарына ұшыраған аумақтарда тұратын 14000 адамды қамти отырып, халықпен 150 астам жиын өткізді. Су тасқыны кезіндегі іс- әрекеттер бойынша халыққа 12700 жадынама таратылды.
Су тасқыны қаупі бар аймақтардағы хабарлау жүйесі тұрақты дайындықта болады. Қарағанды облысының 130 елді мекенінде хабарлау жүйесі орнатылған. Су басуы мүмкін өңірлерде тұрғындарды эвакуациялауға арналған аудандарда 231 қабылдау пункттері дайындалды, эвакуацияланатын халықты эвакуациялау маршруттары жаңартылып отырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы күндері жауын-шашынды болмақ
Өзгелердің жаңалығы