Қарағанды облысында үш мыңнан астам кәсіпкер жұмысын қайта бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 3260 кәсіпкер тіркелді. Бұл жайында Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпеисов мәлімдеді, деп жазды облыс әкімдігінің сайты.
"Атамекен" ҰКП 14 тамызда InfoKazakhstan.kz платформасын іске қосты, ол арқылы әр кәсіпкер қызметін қайта бастайтындығы жайында өтінішті бере алады. Бұл плотформа кабинеттерді аралаудан, құжаттарды жинаудан босатады.
InfoKazakhstan.kz платформасына кірген уақытта кәсіпкерлердің кейбір деректері (кәсіпорынның атауы, БСН) автоматты түрде жүктелетіні маңызды, ал қалған үлгілер 10-15 минуттың ішінде толтырылады. Платорманың сервисін десктоп-нұсқада компьютер арқылы қолдануға болады, мобильді нұсқасының қызметі толыққанды жұмыс істемейді.Кәсіпкерлерге кеңес беру үшін кол-орталық 1432 (қоңырау тегін) тәулік бойы жұмыс істейді. Қарағанды облысы бойынша - (8-7212) 50-64-13).
Сонымен қатар, телеграм-канал t.me/infokazakhstan іске қосылған, онда порталдың жұмысы туралы жаңалықтар және бизнес кәсіпкерлері үшін көптеген пайдалы өзге де ақпараттар жарияланып тұрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бір аптада стихиялық қоқыстарға қатысты 706 шағым келіп түсті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы