22 Мамыр 2020 2020, 09:29
Қарағанды облысында індет жұқтырған 130 жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 130 жағдайы тіркелді (21.05.2020 ж. мәлімет бойынша).
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 130 жағдайы тіркелді (21.05.2020 ж. мәлімет бойынша).
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 130 адамда COVID-19 вирусы анықталды.Тіркелген жағдайлардың барлығы скрининг және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр, - делінген хабарламада.Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр.
2020 жылдың 21 мамырындағы ахуал бойынша облыста 430 жұқтыру жағдайы анықталды, оның ішінде 3 өлім жағдайы және 170 пациент жазылып шықты.