Қарағанды облысында еріктілерді қолдау орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда еріктілерді қолдау облыстық орталығы ашылды. Ол еріктілер мен ерікті ұйымдардың жұмысын үйлестіру бойынша тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналуы тиіс, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев, балалар мен жасөспірімдер сарайының директоры Шариза Алтынбекова және облыстың Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Марғұлан Тұяқов салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Орталықтың негізгі міндеті - еріктілерді волонтерлік қызметке тарту, еріктілердің тиімді топтарын құру және қолдау, аймақтағы еріктілік институтын дамыту, облыс еріктілеріне кеңес беру және оқыту жұмысы, - деді Қарағанды облысы бойынша Birgemiz: Asyl Mura жалпыұлттық жобасының үйлестірушісі Ақбота Ақмамбет.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы