Қарағанды облысында ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Абай қаласында Қарағанды облысы ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр.

Шара аясында «Менің жетістігімнің тарихы» шеруін өткізу дәстүрге арналған.  Осындай жетістігімен бөліскендердің арасында «Өркен-Сауле» қоғамдық бірлестігінің басшысы Сәуле Аманжолова бар.

«Кеңгір ауылының әжелерінен «Ақ жаулықты аналар» мектебін аштық, салт-дәстүрді, қазақи тәрбиені насихаттай бастадық. 2018 жылы «Өркен-Сауле» Қоғамдық бірлестігін аштым, әртүрлі әлеуметтік маңызды мемлекеттік тапсырысты орындай бастадым. Әрі отбасымды асырауға да, басқаға көмек беруге де мүмкіндігім келді.  Бүгінгі күні мен екі үлкен орталықты ашып отырмын, оның бірі Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі тапсырысымен әлеуметтік жоба - «Ұлағат» қыздар орталығы, екіншісі – Қарағанды қаласының «Экоорталық» ҚБ гранты арқылы - Кеңгір селосында балаларды дамыту орталығы», - деді ол.

Айтуынша, «Ұлағат» орталығында 25 кыз-келіншек, оның ішінде «Жусан» операциясы арқылы елге оралғандар түрлі курстан өтіп жатыр.

«Ұлағат» қыздар орталығында теріс діни ағым ықпалына түскендерді оңалту, қыздарымызды қазақи салт дәстүрге үйрету, кондитерлік тағамдарды пісіртуге уйрету әрі  тігін тігуді үйрету, осылайша үйде отырып табыс табуға үйрету. 25 қыз-келіншек осы орталықта, арасында «Жусан» операциясы арқылы елге оралған қыз келіншектер де бар. Олар орталықта тәжірибелі теологтардан дәстүрлі діннің артықшылығы мен теріс діни ықпалдан сақтану жолдарын үйренеді, әрі психологтың қабылдауында болады. Жұмысымда нәтижелі өзгерістер бар. Осы мені қуантады», - деп бөлісті Сәуле Аманжолова.



Форум аясында Қарағанды облысының тауар өндірушілері мен шеберлерінің қатысуымен көрме-жәрмеңке өтеді және қатысушылар Абай қаласының тігін цехын аралайды.

Форум 2019 жылы 7-8 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан ауыл әйелдерінің екінші форумының делегаттарын сайлау және форумның қорытындысын шығарумен аяқталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы