Қарағанды облысында қандай көмір өндірісі бойынша рекорд орнатылды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін «Шұбаркөл көмір» АҚ кеншілері разрездің негізі қаланғаннан бері 170 млн тонна көмір шығарған. Өздерінің рекордтарын олар Еуразиялық Топтың 25 жылдығына арнап отыр. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Кәсіпорын үшін ғана емес, сонымен қатар жалпы еліміздің тау-кен өндіріс саласы үшін айрықша болып саналатын 170 миллион тонна бірегей жоғары калориялы және күлділігі төмен көмірдің өндірісін «Центральный» №1 разрезіндегі ЭКГ-5 экскаватор бригадасы жүзеге асырған. Осылайша Шұбаркөл разрезіннің тарих беттеріне машинист Ахмадия Ахметов пен оның көмекшісі Николай Затонный өз есімдерін қалдырды.
«Шұбаркөл көмір» АҚ президенті Андрей Сафоновтың айтуынша, жаңа өндірістік жетістік барлық ұжымның жоспарлы және толыққанды жұмысының нәтижесі болып табылады.
2018 жылдың қортыныдысы бойынша «Шұбаркөл көмір» АҚ 11 млн 600 мың тонна көмір өндірген.
Кәсіпорында инвестициялық бағдарлама аясында іске асырылатын тау-кен жабдығы паркін жаңарту өндіріс тиімділігін арттыруға сүбелі үлес қосады. Қазіргі уақытта «Шұбаркөл көмір» АҚ барлық қажетті тау-кен көлік жабдығы бар және үздіксіз жұмыс пен көмір өндірісінің көлемін арттыруға қежетті біліктілігі жоғары мамандар штатымен толық жасақталған. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана шұбаркөлдік автокөлік паркіне ескірген БелАЗдардың орнына 11 заманауи ауыр Caterpillar 777E жүк самосвалдары және 18 дана қосалқы техника келді. Соның ішінде мобильдік автошеберханалар, автогидрокөтергіштер, су тасқыш, вахталық автобустар. Осы жылы техникамен қайта қаруландыру аясында, пайдалану мерзімі аяқталған екі ЭКГ-5А орнына шөміш көлемі 11 м3 HITACHI EX-1900 экскавторы жұмыс істей бастады.
Сонымен қатар темір жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыс іске асырылуда.
Шұбаркөл көмір – Қазақстандағы жоғары сапалы күлділігі төмен көмір өндірушісі. Кәсіпорын сондай-ақ кокс газынан арнайы кокс пен электр энергиясын өндірумен айналысады.