Қарағанды облысында 560 көпбалалы отбасы пәтер кілтін алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында биылғы жылы жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша 11 көпқабатты үй салынып, екінші нарықтан 204 пәтер сатып алынады. Бұл мақсаттарға республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аппараттық жиналыста айтылғандай, биыл облыста 756 жанұя пәтермен қамтамасыз етіледі, олардың 560-ы көпбалалы отбасылар.

Мамыр айының басында 27 көпбалалы отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Жаңа баспанаға осы айдың соңына дейін тағы 106 көп жанды үй көшеді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 260 пәтер Саран, Теміртау, Приозерск, Бұқар жырау, Ақтоғай, Шет және Жаңаарқа аудандарында пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Ерлан Қошанов серіктес қалалар мен облыс орталығындағы құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды.

Облыстық бюджеттен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жылдық мөлшерлеремесі 2% құрайтын ипотекалық несие беру үшін миллиард теңге бөлінді. Бұл сомаға 159 қарыз берілмек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы