Қарағанды облысында 4 өрт сөндіру бекеті ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жыл соңына дейін тағы 4 өрт сөндіру бекеті құрылады. Бұл туралы брифинг барысында Қарағанды облысы ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді.
Ол сондай-ақ биылғы жылы 18 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар жоспарланғанын айтты. Осы күнге дейін оның бесеуі өткізілді. Сондай-ақ, даладағы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өртке жедел әрекет ету үшін ерікті жасақтар мен 10 бекет құрылды.
«Өрт сөндіру бекеттері арнайы техникамен жабдықталған. Қажетті жабдықтармен, оның ішінде мақташалармен, аспалы бүріккіштермен және шанц аспабымен толық жабдықталған. Ағымдағы жылы қосымша 4 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда», - деді Қарағанды облысы ТЖД бастығы.
2018 жылы облыс аумағында ТЖД бөлімшелері мен еріктілердің жалпы күшімен 187 табиғи өрт пен тұтанулар жойылды. Осы жылдың өткен айларында аймақта жалпы ауданы 859 га болатын 40 өрт оқиғасы орын алды.
Табиғи өрттер мен жанудың себебі, негізінен отты абайсыз қолдану болып табылады: өтіп бара жатқан автомобильдердің терезелерінен сөндірілмеген сіріңкелер мен темекі, пикниктерден кейін сөндірілмеген алау, құрғақ өсімдіктерді бақылаусыз өртеу.