Қарағанды облысында 2 су бөгеті күрделі жөндеуден өтеді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылы Қарағанды облысының Абай ауданындағы «Топар» және «Тиxоновка» бөгеттері күрделі жөндеуден өтеді. Бұл үшін облыс бюджетінен 700 миллион теңге бөлінеді.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 262 гидротеxникалық құрылғы болса оның 36-сы коммуналдық қызметтерге тиесілі. Алдымыздағы екі жылда аймақта тасқын сулардан сақтану және суды бөгеу мен сақтау бойынша жұмыстар атқарылады.
«Биыл 4 гидротеxникалық құрылғыларды жөндеу жоспарланған. Бұл бізге 1930-1970 жылдар аралығында салынған гидротеxникалық құрылғыларды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Объектілердің дұрыс жұмыс істеуі тасқын сулардан сақтануға және суды жерді суару сияқты істе пайдалануға қажет болады. Екі бөгетті жөндеуге 700 млнға тарта қаржы жұмсалады. Күрделі жөндеу екі жыл қатарынан жүргізіледі деп жоспарланған», - дейді Қарағанды облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Төлепбаев.
Оның айтуынша, қаржы облыс бюджетінен бөлінеді. Сонымен қатар Қарағанды іргесіндегі Федоровское саяжайларын жыл сайын көктемде қызыл су басу қаупі болатын. Биылғы жылы бұл мәселе де шешімін таппақ.
«Федоровское» су қоймасының маңындағы саяжайларды жыл сайын қызыл су басу қаупі туындайтын. Өткен жылы облыс әкімінің есеп беруінде аталған аудандағы саяжай иелері осы мәселені көтерген. Ерлан Қошанов нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Биыл бұл мәселе Соқыр өзенінің арнасын түзетумен шешіледі. Біз «Федоровское» су қоймасы аумағындағы Соқыр өзенінің арнасын өзгерту бойынша жоба жасадық. Бұл үшін өткен жылы облыс бюджетінен 60 миллион теңге бөлінген. Қазіргі уақытта жұмыстың 70 пайызы орындалды», - дейді Руслан Төлепбаев.
Сондай-ақ, су қоймасын тереңдету және арнаны кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл «Федоровское» су қоймасынның уақытылы суға толуын және тасқын қаупінің алдын алу үшін суды апатты жағдайдан тыс жіберіп отыруға мүмкіндік береді.