Қарағанды облысына тартылған инвестиция көлемі жыл басынан 1,7 есеге артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 1,7 есе өсіп, 611,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады. 

Биылғы жылдың 10 айында облыста 2,1 трлн теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артық. Сондай-ақ түсті металлургия мен фармацевтика өндірісінің көлемі өсті. Тау-кен өнеркәсібінде металл кендерін өндіруді арттыру есебінен өсім 12,9% құрады. 

Биыл өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 2,1 есеге артты. 354,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 103,3% құрайды. 

Ал жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 0,2% төмен. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,3%-ға артты.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы