Қарағанды облысы медициналық сақтандыру қорына 729 млн теңгеден астам қаржы аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысы медициналық сақтандыру қорына 729 млн теңгеден астам қаржы аударды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл соманың 1 миллионнан астамы бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасайтындар, яғн өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, фрилансерлер, үй шаруасындағы әйелдер төледі. Қалған қаражат - жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жасаған аударымдары. Ел бойынша қыркүйек айында медициналық сақтандыру қорына түскен түсім 9,3 миллиард теңгені құрады.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады. Кейіннен МӘМС аясында көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі", - деп түсіндірді Қарағанды облысы бойынша медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Фазыл Копобаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы