Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ауысты

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне Асxат Аймағанбетов тағайындалды. Бұл жайлы облыс әкімінің баспасөз қызметі xабарлады.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймақ активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке осыған дейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Асхат Аймағамбетов тағайындалды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, 36 жастағы Асхат Аймағамбетов облыс әкімінің орынбасары қызметінде әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады.


«Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. «Тарихшы, тарих пәнінің ұстазы» және «құқықтану» мамандықтары бойынша екі жоғарғы білімі бар. Еңбек жолын 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де бастаған. «Аңсар» Жастар лигасын басқарған. Екі мәрте Қарағанды қалалық мәслихатында өзін өзі ұсынушы ретінде депутат болып сайланған.


2012-ші жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Нұра ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы Білім басқармасының жетекшісі қызметін атқарды. 2017-ші жылдың тамызынан бастап осы күнге дейін Білім және ғылым вице-министрі лауазымында болып, мектепке дейінгі және орта білім, сондай-ақ жоғарғы білім мен ғылым мәселелеріне жетекшілік еткен», - делінген xабарламада.

 

Жібек Мұқашева
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы