Қарағанды облысы биыл 1,3 мың тонна сиыр етін экспорттады – әкім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мал шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Биылғы жылы 1,3 мың тонна сиыр еті экспортқа шығарылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтты.
Әкімнің айтуынша, облыстағы ауа райы жағдайына қарамастан картоп, астық және өзге де көкөністер жақсы жиналған. Бұл ішкі сұранысты қанағаттандырумен қатар еліміздің астанасына ауылшаруашылық өнімдерін жіберуге мүмкіндік берген.
Бүгінде облыста 12 мың бас малға арналған 52 сүт тауарлары фермасы жұмыс істеп жатыр. Осы жылы 950 мал басы бар 6 жаңа ферма құрылған. Келесі жылы жалпы 2600 мал басы болатын 8 тауарлы сүт фермасын жоспарлап отырмыз. Осы ферма сандық технологияларды өндіріске енгізді, - деді ол.
Бүгінде обылстың 210 кәсіпорны 106 млрд теңгенің өнімін өндіріп жатыр екен. Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында балалар тағамы мен сүт өндіретін зауыт құрылысы салынып жатыр. Бұл зауыт келесі жылдың соңына дейін іске қосылмақ.
11 айдың қортындысы бойынша, өнеркәсіп саласына салынған инвестициялардың көлемі 16 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 27% артық. Өнеркіәсіп кешені саласына инвестиция тарту есебінен жалпы сомасы 33 млрд теңгеге 55 жаңа инвестициялық жоба іске асырылуда, - деді Жеңіс Қасымбек.
Сөз арасында ол, ауылды жерді дамытуға да көңіл бөлініп жатқанын айта келе, таяу екі жылда ауылды жерді толығымен интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.
Биыл Елбасының бастамасымен Жаңаарқа, Нұра және Ұлытау аудандарының орталықтарында "Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасын іске асырдық. Бұл аудан орталықтарына 1,5 млрд теңгеге 26 жобаны іске асыруға көмек берді. Мәселен, Ұлытау кентінде өзен бойындағы каскадтар жөнделуде, балабақша, мектеп, стадион және басқа да үлкен нысандар жөнделді. Жаңаарқа, Нұрада да осындай жұмыстар атқарылды. Келесі жылы арнайы жоба төрт ауданды қамтиды, - деді ол.
Сонымен қатар ол, облыстағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстарына да тоқталып өтті.
Облыста жол салу саласында үлкен жұмыс атқарылуда. "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 5 жылдың ішінде 12,5 мың шақырым жол жөндеу қарастырылған, оның 4 мыңы жөндеу жұмыстарынан өтті. Биыл 1,3 мың шақырым автокөлік жолы жөнделді. 2025 жылға қарай жақсы жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесін 95% жеткізу көзделіп отыр, - деді облыс әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы