Қарағанды оқиғасы: ІІМ күдіктіге өз еркімен берілуге кеңес береді
Астана, baq.kz. Қарағандыдағы кісі өліміне қатысты 8 күдікті тұтқындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді.
«Бүгінгі күні Қарағандыда бұзақылық әрекет жасап, 23 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен 8 адам ұсталып тұтқындалды және күдіктілердің бірі Гурурянға іздеу жарияланды. Тергеу аясында полиция тобы оның болуы мүмкін жеріне кетті. Күдіктінің берілуге дайын екендігі туралы мәлімдемесі желіге жариялануына байланысты осыдан 2 күн бұрын оның туыстарына қызметкерлеріміздің байланыс деректері берілген болатын. Алайда осы күнге дейін ешкім байланысқа шыққан жоқ», - деді Алмас Садубаев.Департамент басшысы еліміздің Ішкі істер министрлігі істің объективті әрі жан-жақты тергелетіндігіне кепіл беретіндігін атап өтеді.
Сонымен қатар азамат Гурурянға өз еркімен полиция қызметкеріне берілуге кеңес береді.
«Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің айрықша бақылауына алынған», - деді ол.
Естеріңізде болса, бұған дейін билік өкілдері Қарағандыда көз жұмған жігіттің отбасымен кездескен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы тұрғындарының кейбірі жылусыз қалды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы