Қарағанды дәрігерлеріне мерекелік палау әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалы дәрігерлер үшін мерекелік түскі ас ұйымдастырды. Жерлестерінің денсаулығы үшін алдыңғы шепте ерен еңбек етіп жатқан дәрігерлер ерекше көңіл мен қолдауға ие болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Бірлік мерекесіне орай өңірдегі ауруханаға үлкен қазанмен өзбек палауы жеткізілген. «Бірлік» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Бахтияр Ысқақов дәрігерлерді ұлттық тағаммен тамақтандыру мереке күні таңнан бастап қазан-ошақтың жанында ас әзірлеген. Сондай-ақ дәстүрлі тандыр нан пісірген.


Біз осы күндері облысымызда ауқымды түрде өтіп жатқан #Ұлттағамдары челленджін қолдадық. Бұл жай ғана акция емес, біздің ақ халатты абзал жандарымызға қолдау көрсету және алғыс айту, оларға күш-жігер мен денсаулық тілеу мүмкіндігі. Мейіз қосылған мерекелік палау – бұл өте пайдалы тағам. Оны мыңжылдықтар бойы ата-бабаларымыз дайындаған. Барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Осы жылы біз оны ерекше атап өтеміз, карантин жағдайында және жаппай оқшаулауда. Бірақ біз соған қарамастан біргеміз! - деп атап өткен Бахтияр Ысқақов.


Барлық сақтық шараларды қолдана отырып, этномәдени бірлестік өкілдері тағамды коронавирус жұқтырғандарды емдейтін аурухана қызметкерлеріне тапсырды. Бұл дәрігерлер өз жұмыс орындарынан алшақтамағалы және жақындарын көрмегелі біраз уақыт өткен.

Сонымен қатар ҚХА мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагері Бүркіт Есжановты 1 мамыр мерекесімен құттықтады.


Бейбітшілік пен бірлікті сақтау өте маңызды. Бұл біздің басты игілігіміз. Тек бірлесіп қана барлық қиындықтарды жеңеміз, - деген 97 жастағы қария.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы