Әр жағдай бойынша өлімнің себептері толық зерттеліп жатыр – Прокуратура қаза болғандар туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне жедел шара қолдану мақсатында еліміздің барлық өңірінде арнайы мобильді топ құрылған. Кезекші прокурорлардың барлық байланыс телефоны ресми сайтта орналастырылды.

Прокуратура органдары халық арасында көз жұмғандардың қаза болу мән-жайларын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Әр жағдай бойынша өлімнің себептері толық зерделенуде. Осыған байланысты прокурорлар үш дерек бойынша қылмыстық істерді адам өлтіруіне қайта саралады. Сонымен қатар аталған деректер әлі де түркілікті емес, - деп атап өтті Елдос Қилымжанов брифингте.

Ол алда көп еңбекті қажет ететін жұмыс күтіп тұрғанын айтты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы