8 Сәуір 2025, 10:39
Фото: pixabay.com
"Әр туристен 350 доллар". Министрлік тау туризімін дамытады
Тауға келетін турист орта есеппен 350 доллар жұмсайды.
Тауға келетін турист орта есеппен 350 доллар жұмсайды. Бұл жағажай демалушыларынан жеті есе көп. Осыны ескерген Үкімет тау туризмін дамытуды басты бағыттардың біріне айналдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленді. Оның негізгі мақсаты – тау туризмін дамыту, – деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Министрдің айтуынша, халықаралық тәжірибе тау туризмінің экономикалық тиімділігін нақты көрсетіп отыр.
Тауда демалатын туристердің орташа шығыны 350 АҚШ долларына тең. Бұл көрсеткіш жағажай туризмінде 50 АҚШ доллары, – деді ол.
Шығыс Қазақстан облысы да тау туризмін дамытуға әлеуеті зор өңір ретінде аталды. Қазір Катонқарағай мен Зайсандағы әуежайлардың құрылысы жүріп жатыр.
Осыған байланысты министрлік Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, тау туризмін дамытуды пысықтауды бастады, – деді Мырзабосынов.
- Бүгін жеті қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі 08:10
- Еуропада газ бағасы 2022 жылдың соңынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді 07:48
- Әлемдегі тұрақсыздық: Қазақстан экономикасын қай салалар арқылы әртараптандыру керек? 07:30
- Несиесін уақытында төлей алмағандарға 60 күн қосымша уақыт беріледі 07:10
- Шымбұлақтағы аспалы жолдар бірнеше аптаға жабылады 06:56
- Азия ойындары-2026: таеквондодан Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды 05:51
- Әлемде роботтарға арналған алғашқы жедел жәрдем пайда болды 04:45