Әр тиынын ашық көрсету қажет – Аймағамбетов білім саласына бөлінетін қаражат туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында министр Асхат Аймағамбетов білім саласына бөлінген қаражат ашық түрде көрсетілуі керегін айтты.
Министрліктің бюджеті ашық түрде көрсетілуі керек. 1 трлн теңгенің бәрі министрлікте деп ойлайды. Бұл қаражаттың 70%-ы тікелей өңірлерге жіберіледі. Ал қалғаны стипендия, жалақы және басқа да мәселелерге бөлінеді. Сол себепті оның бәрін ашып көрсету керек. Жасыратын ештеңе жоқ. Әр тиынын ашық көрсету қажет, - дейді БҒМ басшысы жиналыста.
Министр ғылымға бөлінетін қаржыны да ашық көрсету керегіне тоқталды.
Қандай тақырып бойынша қанша қаржы берілді, ол бойынша қандай шешім қабылданды, оның есебі және қандай мақалалары шықты және нәтижесі қандай – бұл маңызды мәселенің бірі, - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ЭЫҰ елдері транзит көлік дәліздерін дамыту жайын талқылады
Өзгелердің жаңалығы