Әр полицей кірпік қақпай қылмыспен күресуді жалғастырады - ІІМ басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әрбір жылдың салмағы мен жауапкершілігі жыл соңында сараланады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әлеуметтік желіде жазды.

Құрметті отандастар! Табалдырығымыздан аттаған Жаңа жыл бәріңізге құтты болсын! Әрбір жылдың салмағы мен жауапкершілігі жыл соңында сараланады. Қазақстан полициясы үшін де ескі жыл түрлі сынақтар мен елеулі жетістіктерге толы болды, - деді министр өз жазбасында.

Ол қазақстандықтарға өзінің ыстық лебізін жолдады.

Ең бастысы - келер жылдан жақсылық пен қуаныш күтетін әдетіміз бойынша өздеріңізге жолдап отырған ыстық ықыласымды қабыл алыңыздар. Жаңа жыл әрбір отбасы үшін берекелі, табысты болсын! Еліміздің іргесі берік, ауызбірлігі мол болғай! Азаматтардың тыныш ұйықтап, қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін әр полицей кірпік қақпай күндіз-түні қылмыспен  күресуді жалғастырады, - деп атап өтті Тұрғымбаев.

Ол Жаңа жыл қарсаңында қаладағы бөлімшелерге барып, кезекшілкке түскен қызметкерлердің жұмысымен танысқанын да жазды.  

Қызметін адал атқарып, ел тұтастығы мен қоғам қауіпсіздігі үшін қарауылда тұрған әріптестерімді мерекесімен құттықтадым. Жаңа жыл - ерекше мереке! Адамдар жоғары көңіл-күймен атап өтеді. Ал ішкі істер органдары қызметкерлерінің міндеті - үйде, көшеде, қоғамдық орындарда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Олардың жұмысы мен кәсібилігі ел тыныштығына кепіл болады. Мереке құтты болсын! - деп қорытындылады министр Тұрғымбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы