Әр пациент психологиялық қолдауға мұқтаж – нарколог

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ресми деректер бойынша Ақмола облысында 411 нашақор наркологиялық есепте тұр. Өкінішке орай есірткіден толыққанды бас тартып, ел қатарлы өмір сүруге талпынатындар өте аз.

Облыстық психикалық денсаулық орталығы наркологиялық қызметінің жетекшісі, психиатр-нарколог Ғалия Мұхамедиярованың айтуынша, есірткімен күрес шаралары үздіксіз жүргізілгенде ғана нәтижеге қол жеткізуге болады.

Ресми деректер қалыптасқан жағдайды толық көрсете алмайды. Өйткені базаға тек өз еркімен көмек сұрағандар ғана кіреді. Статистикалық мәліметтерде мұнда жасырын, ақылы негізде жүгінетіндер көрсетілмейді. Республика бойынша, Ақмола облысы алтыншы орында. Сандар жылдам өзгеруі мүмкін. Біздің жұмысымыз нәтижелі болуы үшін үнемі алдын-алу жұмыстарын жүргізу қажет. Мысалы, 2016 жылдан бастап пандемияға дейін орталық өз қаражаты есебінен жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған бағдарлама жасады. Оның негізінде жан-жақты талдау жүргізілді, дейді ол.

Орталық психологы Наталья Молодовскаяның айтуынша, бүгінде 25 пен 40 жас аралығындағы жұмыс істейтін, білімі бар, отбасы бар адамдар да есірткіге тәуелділер қатарында.

Психикалық денсаулық орталығының тіркеу орнында науқас біздің психиатр-наркологтың қабылдауына жіберіледі. Пациент тұрғылықты жері бойынша емханаға бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуы тиіс. Онда ол анализдер тапсырып, нәтижелерімен қайта келеді. Стационарда емделу үшін ауруханаға жатқызу порталына кезекке қоямыз. Әрине, күтуге тура келеді - біздің бөлімде 50 төсек қана бар, бүкіл облысымыздың барлық аймақтары бізге келеді. Ауылдық жерлерден бізге аудандық емханалардағы психикалық денсаулық кабинеттері арқылы түседі. Содан кейін біз әлеуметтік желілерде белсендіміз, орталық туралы көпшілік хабардар, - дейді Наталья Молодовская.

Оның айтуынша, көп жағдайда науқастар дәрігерлерге есірткіге тәуелділік қалыптасқан кезде, аурудың кеш сатысында жүгінеді. 

Пациент «ломка» кезінде ағзаны тазарту арқылы тез жазылып кетем деп ойлайды. Емдеудің бастапқы кезеңі үшін мұндай мотивация қолайлы, ал ары қарай жағдай қиындай береді. Бұл жерде топтық психотерапия тиімді дер едім, – деп түсіндірді психолог.

Ол қазіргі күні қоғамда синтетикалық есірткіге әуестенушілер санының көбеюі алаңдатарлық жағдай екенін айтады.

Мұндай психотропты дәрі-дәрмектер құны арзан болуына байланысты танымал. Олар дереу орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, біртіндеп бұзады. Олар ең күшті галлюцинаторлық құбылыстармен сипатталады – есту, көру, ауыр психоз. Әр жолы біз есірткінің жаңа түрлері, формулаларымен бетпе-бет келеміз. Кейде қалай емдеу керектігін түсіну қиындық туғызады, дейді нарколог Ғалия Мұхамедиярова.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш жыл бұрын есірткіге тәуелділікті емдеуге қатысты реформа жүргізілді – психиатриялық және наркологиялық қызметтер біріктірілді. Тегін медициналық-әлеуметтік көмекті еліміздің әрбір өңірінде бар психикалық денсаулық орталықтары көрсетеді. 

Республикада метадон бағдарламасынан тыс бес-алты облыс қалды. Ақмола облысында да мұндай терапия пайдаланылмайды. Оны қолдануға қатысты даулар тоқтаған жоқ: оның жақтастары метадонды үнемі қабылдау пациентке шектен шығу қаупін азайтуға мүмкіндік береді деп санаса, қарсы тарап нашақорлық сияқты құбылысты заңдастыру қажеттігі туралы айтады.

Толық цикл – бұл динамикалық бақылау, рецидивке қарсы терапияға пациент үшін стационарлық көмек, психикалық денсаулық қызметінің жұмысы кіреді, ол үшін  жазбаша келісім қажет. Бірінші кезең-дәрі-дәрмек көмегімен түзету, 20 күнге дейін детоксикация, екінші кезең – екі айға дейін қарқынды психотерапиялық қолдау. Әлеуметтік оңалту орталығының Өзен ауылындағы бөлімшесінде тоғыз айға дейінгі оңалту жүргізіледі. Адам қайтадан қоғамда өмір сүруді үйренеді, оған спорт, кәсіби терапия және мәдени іс-шараларды қоса отырып, психологтар көмектеседі. Ауруханада емдеу бір жылға дейін созылуы мүмкін. Кейін де антидепрессанттар қабылдау қажет. 12 ай бойы пациент динамикалық бақылауда болады. Егер бәрі ойдағыдай болса, наркологиялық есептен шығарылады, – дейді Ғалия Мұхамедиярова.

Оның пайымынша, нашақорлық – мидың созылмалы зақымдануы.

Ең қиыны – емдеу курсынан кейін қалыпты өмірге қайта оралу. Есірткіге тәуелді екенін түйсінбеген адамды шыңыраудан алып шығу оңай емес. Әр адамның таңдау мүмкіндігі өзінде. Нашақорлықтан емделген адам күйзеліске ұшырағанда есірткіге әуестік қайталауын мүмкін. Сондықтан біз емделушілерге алкогольден ғана емес, темекі шегуден де аулақ болуды ұсынамыз. Пациенттердің барлығы дерлік тұрақты психологиялық қолдауға мұқтаж, дейді психолог Ақмарал Бабағұлова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы