Әр балаға 100 доллар: Шетелге көшіп кеткендердің ақшасы басқа балаларға аударылады
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте "БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының қорытындысы жайлы ақпарат бергенде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚР азаматтығы жоқ азаматтар немесе тоқтатылған кезден бастап шетелге кеткен азаматтар азаматтығын ауыстырған кезде, онда нысаналы талаптарды есептеу тоқтатылады. Сондай-ақ оның алдында есептелген қаражат басқа балалардың арасында бөлінеді, - деп айтты ол.
Шәріповтың сөзінше, егер азаматтар уақытша шетелде тұрып, азаматтығынан айырылмаса, онда ақша төлініп отырады.
Маңыздысы – бұл төлемдер азаматтың 18 жасқа толғанында беріледі. Сол себепті 18 жасында баланың ата-анасына қатысы жоқ өзінің азаматтығы болады. Яғни 18 жасқа келгенде қаржы берілетін кезде осы талаптардың барлығы тексеріледі, - деп түсіндірді "БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры брифингте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлытау облысының әкімі Тоқаевқа есеп берді
Өзгелердің жаңалығы