Сарапшы пандемияның цифрлық қауіпсіздікке қалай әсер еткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Kaspersky Security атты халықаралық конференция өтуде. Шара мақсаты - Kaspersky Security халықаралық цифрлық сауаттылық мәселесін талқылау. 

Конференция спикерлері: Касперскийдің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов, киберқауіпсіздік сарапшысы Касперский Дмитрий Галов, Касперский өнеркәсіптік киберқауіпсіздік сараптамалық орталығының жетекшісі Антон Шипулин.

Жаңа зерттеуімізде көптеген нәтижеге қол жеткіздік. Біз Орталық Азия нарығында 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз. Бұл аймақтар біздің жүйені дамытып қана қоймай, оң өзгерістерге әкелді. Қазақстан ТМД мемлекеттер арасында жүйенің сатылымы бойынша нарықта екінші орында келеді. Пандемия кезеңі ақпараттық қауіпсіздікке баса назар аудару керектігін түсіндірді, - деді Касперскийдің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.

Сонымен қатар сарапшының айтуынша, пандемия кезіндегі ең өршіп тұрған проблема - кибер шабуыл. 

Әрбір адам ақпараттық қауіпсіздігін сақтай білуі тиіс. Мәселен, біз смартфон немесе басқа да гаджеттерді жоғалтып алған кезде оны тауып алған өкіл ондағы барлық ақпараттарды өз қажеттіліктеріне жаратады. Сіздің суреттеріңіз және жеке ақпараттарыңыз хакердің құзыретіне жұмыс істейтін болады. Ал ақыр соңында кінәлі адам сіз болып қалуыңыз мүмкін. Менің түрім, жеке ақпараттарым ешкімге қажет емес деген ойдан аулақ болу керек,- дейді маман.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы