14 Мамыр 2022 2022, 10:43

Ақжолдықтар: Референдум – өзгерістерге бағытталған шешуші қадам

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері «Қайнар» ЖШС-нің Талдықорғандағы қорғасын батареялары зауытында болды.

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері «Қайнар» ЖШС-нің Талдықорғандағы қорғасын батареялары зауытында болды. 

Кәсіпорын электротехника саласында да, Жетісу өңірінде де ең табысты кәсіпорындардың бірі.

Партия өкілдері инженерлік-техникалық қызметкерлермен конституциялық реформа, партияның алдына қойған кейбір мәселесі төңірегінде әңгімелесті. 

Сондай-ақ Талдықорғандағы қаңтар оқиғасына өткір баға берілді. Кәсіпорын қызметкерлеріне мемлекеттік жүйеге түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттілігін және Конституцияны реформалау өзгерістерге бағытталған шешуші қадам екені түсіндірілді.