Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады

Елімізде ақылы жолдардың саны жыл сайын артып келеді. Алайда кейбір санаттағы көлік жүргізушілері бұл жолдарды тегін пайдалану құқығына ие, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Арнайы қызметтер

Мемлекеттік және әлеуметтік маңызды қызметтерді атқаратын арнайы көліктер ақылы жолдардан тегін өтеді. Оларға мыналар жатады:

  • Жедел жәрдем көліктері
  • Апаттық-құтқару қызметтері (төтенше жағдай орындарына алғашқы болып жететін көліктер)
  • Құқық қорғау органдары (полиция және басқа да құрылымдар)
  • Қарулы күштер мен әскери құрылымдар
  • Көлік бақылау қызметтері (жол қауіпсіздігін қадағалайтын органдар)
  • Ақылы жолдарды күтіп-ұстауға жауапты ұлттық операторлар мен концессионерлер

Қоғамдық көлік пен ауыл шаруашылығы техникасы

Келесі санаттағы көліктер де ақылы жолдармен тегін жүруге құқылы:

  • Қала маңына және елді мекендер арасындағы тұрақты жолаушылар тасымалдаушы автобустар
  • Бір ауданның ішінде бөгеттер мен теміржол өткелдерінен өтуге арналған жүк көліктері мен ауыл шаруашылығы техникасы

Жергілікті тұрғындар

Ақылы жолдарға жақын орналасқан аудандардың тұрғындарына белгілі бір шектеулермен тегін жүруге рұқсат етіледі. Бұл жеңілдік келесі көліктерге қатысты:

  • Тиісті ауданның ішінде тіркелген жеңіл автокөліктер (егер олар сол әкімшілік-аумақтық бірлікте қозғалса)
  • Бір ауданның шегінде жолаушылар тасымалдайтын автобустар

Ұлы Отан соғысының ардагерлері

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ақылы жолдарды тегін пайдалану құқығына ие. Олардың жеңіл автокөліктері жол жүру ақысынан босатылады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы